A place where you need to follow for what happening in world cup

Жеке құрамның автокөліктері тексерілді

172

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде жеке құрамның көлік құралдарын тексеру шарасы өтті.

Аталған шара мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиевтің тапсырмасымен және мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұловтың қадағалауымен жүргізілді. Тексеруді кадр саясаты бөлімінің кәсіби және дене шынықтыру бойынша инспекторы, әділет лейтенанты Мұрат Игембай жүргізді. 

Шара барысында жеке құрамның автокөліктерінің құжаттарының түгел болуы қаралды. Сондай-ақ, дәрі-дәрмек қорапшасының, өрт сөндіру құралының, апаттық жағдайдағы арнайы белгілерінің және өзге де жол жүру ережелерінде көрсетілген қажетті заттарының болуы тексерілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.