A place where you need to follow for what happening in world cup

Жазасын өтеушілермен жұмыстар жіті жүргізілуде

183

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесі САТӘПЖ бөлімі психология қызметінің мамандары сотталған азаматтармен психологиялық зерделеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отырады. Бұл жұмыстар түрлі психотиптегі сотталғандармен жұмыс жасау тәсілдерін құру үшін аса маңызды. Нәтижесінде, мекеме психологтары жазасын өтеп жатқан азаматтарды бірнеше психолгиялық топқа бөліп, олармен қарым-қатынас жасаудың нұсқаулықтарын қалыптастырады.
Мысалға, сотталғандар арасында мінездері пайда сүйгіш, тәуекелге құмар, қозғыш, импульсивті және ригидті топтарға тән азаматтар жиі кездеседі. Олармен байланыс жасаудың алдын ала бекітілген нормаларын сақтай отырып, психологиялық қызмет мамандары әрқайсысын дұрыс жолға салу бойынша жұмыс жүргізеді.
– Атап айтар болсақ, пайда сүйгіш адам типіне өзінің тұлға екенін басқа адамдардың көзінше ғана емес, сонымен қатар өз-өзіне дәлелдеу барысындағы қылмыстық әрекеттер жасайтын адамдар жатады. Оның құрамына белгілі бір материалдар деңгейін иемдену кіреді. Бұл типке ұрлық және материалдық құндылықтар үшін бопсалау қылмыстарын жасағандар жатады. Осындай сотталған азаматтарға мекеменің психолог мамандары өзін бағалауды үйретеді, сенімділігін арттыруға әдістемелер қолданады және сурет салу әдістемесі арқылы әлсіз тұстарын анықтап көрсетіп, сол ерекшеліктерімен, мінез-құлықтарына жұмысты бағыттайды, – дейді ЖД-158/2 мекемесінің аға инспектор психологы, әділет аға лейтенанты Гүлжан Ибраимова.
Сонымен қатар, әр топтағы азаматтардың мінезін анықтау арқылы психологтар жасақ бастықтарына олармен тиімді жұмыс тәсілдері бойынша нұсқаулықтар береді.
Жалпы, ЖД-158/2 мекемесіндегі психолог мамандарының сотталған азаматтармен жүргізілген түзету жұмыстары кезінде жазасын өтеушілердің мінез ерекшелігін, өмірге көзқарасын, өткен өміріндегі болған жағдайларды саралап отырып, типтерге бөліп жұмыс жасау бойынша кеңестер береді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.