A place where you need to follow for what happening in world cup

Жастар жайы — прокуратура назарында

726

Ағымдағы жылдың 27 мамырында облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен облыс әкімдігімен бірлесіп Халықаралық Тараз Инновациялық институтында «Жастар арасында діни танымдық қалыптастырудың жолдары» тақырыбында студенттердің қатысуымен семинар өткізілді.
Семинарға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Д.Кәрібек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, үкіметтік емес ұйымның өкілдері, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Семинарды аша отырып, облыс прокурорының орынбасары Н.Ұласбекұлы осы іс-шараларды өткізудегі негізгі мақсаты — жас ұрпақты этносаралық және дінаралық толеранттылық рухында тәрбиелеу, экстремистік көріністердің таралуының алдын алу, сондай-ақ мемлекет, қоғам және жеке тұлға үшін ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын террористік идеялардың таралуына жол бермеу болып табылатындығын атап өтті.
Іс-шара пікірталас сипатында өтіп, студенттермен қойылған сұрақтарға толығымен жауап берілді.
Кездесу барысында діни-дәлелді экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу жұмыстарын әдістері мен тәсілдері және бос уақыт процесінде жастардың әлеуетін іске асыру талқыланды.
Сонымен қатар, айтылған практикалық мысалдар мен сот үкімдері бойынша деструктивті діни ағымдардың кері әсері атап өтілді, сондай-ақ еліміздің заңнамасына сәйкес жауапкершілік түсіндірілді.

Жамбыл облысының прокуратурасы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.