Бейсенбі күні аудан әкімі Н.С.Календаровтың төрағалық етуімен аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті. Күн тәртібіне қойылған мәселелер бойын- ша алдымен аудан әкімдігі білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Р.Ж.Мықтыбекова «Жастардың сапалы білім алу- ына жағдай жасау және «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы» баяндама жасады. Осыдан кейін аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбаса- ры А.К.Мұхамеджан «Ауданда «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жастарды жұмыспен қамту бағытында атқарылған жұмыстар туралы» мәлімдемесі тыңдалды. Баянда- машыларды мұқият тыңдаған кеңес төрағасы Нұржан Сәбитұлы бірқатар сұрақтарға жауап алды. Атап өтерлігі, кеңес отырысында облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы С.Қ.Берікқожа мен басқарманың «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры А.Қ.Тәутен он- лайн форматта баяндама жасап, аудандағы жастар саясат зерделеу ба- рысында орын алған кемшіліктер мен жоғары орындалған жұмыстарды атап өтті. Айбек Тәутеннің мәлімдеуінше, біздің ауданда «Серпін-2050» бағдарламасына жастардың қызығушылығы бәсең. Ал жастар саясаты туралы ақпараттармен жергілікті газетте және әлеуметтік желілерде бөлісу бойынша ау- дан алдыңғы орында тұр. Өз кезегінде Серікбол Берікқожа «Әулиеата жастары» жобасы жайында егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. Кеңес отырысын қорытындылаған Н.Календеров ұсыныс-пікірлерді назарға алып, кеңес мүшелерін аудандағы жастар саясатын тиянақты жүргізуге үндеді.
Балнұр ЖЕКСЕНБЕКҚЫЗЫ