A place where you need to follow for what happening in world cup

Жаны қысылғанда жанашырлық танытқан жандарға алғысын жеткізді

192

Бүгін елімізде барша жұртшылық Алғыс айту күнін атап өтуде. Бұл қатардан жазасын өтеп жатқан сотталғандар да шет қалған жоқ.

Мәселен, бүгін Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Арман Берікбаев денсаулығы сыр берген тұста қамқорлық танытып, сауығуына барынша жағдай жасаған мекеме басшылығы мен медициналық қызметкерлеріне ыстық ықыласын жеткізді.

Сотталған А. Берікбаев қанының құрамындағы қант мөлшерінің шамадан тыс көбеюіне байланысты өзін нашар сезініп, мекеменің медициналық қызметкерлеріне жүгінген. Жазасын өтеушінің ахуалы ауырлап бара жатқанын көрген мекеме басшылығы оны шұғыл түрде Тараз қалалық ауруханасына орналастыру туралы шешім қабылдаған. Белгілі уақыт аралығында тиісті емін алып, қатарға қосылған ол жаны қысылған шақта жанашырлық танытқан ҚАЖ қызметкерлеріне ақжарма тілегін қағаз бетіне түсіріп, жеткізді.

«Адамға алғысы жоқтың – Аллаға шүкірі жоқ» дегендей, темір тордың арғы жағында отырған А. Берікбаевтың хатын оқып отырып, қаншалықты қылмыс жасаса да, жүрегіндегі мейірім мен болашаққа деген үміт сәулесінің сөнбегендігін аңғаруға болады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.