A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл облысының республикалық маңызы бар жолдарында жолшылардың жылыту пункттері жұмыс істейді

242

Жамбыл облысының республикалық маңызы бар жолдарында жолдардың неғұрлым қарқынды учаскелерінде орналасқан 9 жылыту пункті бар. Бұл пункттердің барлығы арнайы ұйықтайтын орындармен, асханалармен және санитарлық тораптармен жабдықталған. Қазіргі уақытта жылыту пункттері толық дайындыққа келтірілді және штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда қатты боранға түскен ,сынған немесе қарлы тұтқында болған жол пайдаланушыларына берілетін болады .

Өкінішке орай, жыл сайын дауылдың ескертуіне немесе көлік қозғалысының шектелуіне қарамастан жолға шығатын пайдаланушылар саны азаймайды. Көбінесе дәл осындай пайдаланушылар ел жолдарында қарлы тұтқында болады.

Құрметті жол пайдаланушылар, Сіздерді жол қозғалысы ережелерін және жол қозғалысын шектеу бойынша белгіленген нұсқауларды қатаң сақтауға шақырамыз. Естеріңізге сала кетейік, жолда штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде сіз әрқашан 1403 қысқа нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шала аласыз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.