A place where you need to follow for what happening in world cup

Жамбыл ауданында құрылған жедел штабтың жұмысы туралы хабарлама

200

ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығы және Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі №75 қаулысына сәйкес ауданда құрылған жедел штаб өз жұмысын 2020 жылдың 10 сәуірінен бастады. Штабқа бүгінгі күнге дейін телефон арқылы азық-түлік, блок посттан өту және аудан орталығына көктемгі көкөніс көшеттерін жеткізу мәселесі бойынша 6 өтініш түскен.

Аудандық орталық аурухананың жансақтау бөлімінде науқастарға 6 төсек жанындағы монитор қойылған. 4 жасанды жедел өкпе желдендіргіші бар.

Сонымен қатар, 5 дәрігер, 5 медбике, 1 анестезиолог, 2 бригада шұғыл көмек резервіне қойылған. Барлық емдеу мекемесінде алғашқы көмек көрсетуге арналған фильтр бар (оқшауланған бөлмелер).

Қазіргі уақытта 330 бір реттік қорғаныш костюмі, 100 көп реттік қорғаныш костюмі, 100 термометр, 6 пирометр, 7 электронды градусник, 2300 дана қолдан тігілген маска, 3000 бір реттік бетперде, 200 дана №95 респиратор, 1800 дана бір реттік қолғап, 100 дана бір реттік қолсүрткіш, 200 литр қол жуатын антисептик бар. Аудан әкімдігі тарапынан 100 дана қорғаныш костюмі, 400 дана бір реттік бетперде берілген.

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары қорғаныш костюмдерімен, бетперделермен және антисептиктермен қамтамасыз етілген.

Коронавирустық инфекциясымен күресуге 2 топ құрылған, Гродеково ауылындағы, Айшабибі шекара бекетінде күнделікті 2 маманнан кезекшілік ұйымдастырылған. 7 маман аудан тұрғындарына карантин режимінің талаптарын күнделікті түсіндіруде.

Аталған бекетте оқшаулау бөлмесі бар, экспресс тест зертханасы ашылған. Олар 2 пирометр, 2 градусник, 5 обаға қарсы костюм (көп реттік) 10 обаға қарсы костюм (бір реттік), 10 респиратор, 1 кварц, 2 қорғаныш көзілдірігімен, антисептиктермен жабдықталған.

Блок посттарда сергек база, планшет енгізілуде. Үлкен кептелістер жоқ. Тағы 3 блок пост орнату жоспарлануда (Шохай, Тастөбе, Аса). Қоңыртөбе ауылынан жылжымалы бақылау бекеті қойылды.

Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы күшейтілген режимге көшіріліп, 17 округке бөлініп тәуліктік қызмет атқаруда. Қазіргі уақытқа дейін карантиндік шектеулерге қарамастан тосқауыл бекеттерінде 3 тәртіп бұзушылық орын алды.

Полиция бөліміне аудан әкімі тарапынан 80 қорғаныш костюмі мен 300 бетперде берілді.

Арнайы бекітілген кестеге сәйкес залалсыз­дан­дыру жұмыстары 17 ауылдың 381496 шаршы метр аумағында жүргізілді, жұмыс жалғасуда.

Аудандағы еріктілердің көмегімен 3935 қолдан тігілген бетперде, 1000 бір реттік бетперде жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларына таратылды. Одан бөлек 14 жеке кәсіпкер 25000 бетперде тігіп, сатуда. Демеушілер көмегімен 11000 маска алынып, аудандық аурухана, ішкі істер бөліміне, жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларына таратылды.

«Біз біргеміз!» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы тарапынан тұрмысы төмен, көпбалалы және жалғызбасты қарттарға, аса мұқтаж 65 отбасына демеушілер тарапынан азық-түлік берілсе, еріктілер 34 адамға үй шаруасына, Бесағаш, Аса ауылдық округтеріндегі 65 жастан асқан 13 зейнеткерге зейнетақыларын жеткізіп берді.

Ауылдық округтерден 167 белсенді еріктілер базасы жасақталды. 16 наурыз-13 сәуір аралығында ауылдық округ әкімдері мен еріктілер көмегімен 419 отбасына 3376,0 мың теңгеге қайырымдылық, 960 отбасына әлеуметтік көмек көрсетілді.

182 дүкенде 78,4 тонна азық-түлік қоры бар (19 түрі). Бүгінгі күнге тұрғындарға телефон арқылы 3 құрылыс, 1 азық-түлік және 1 дүкен дайын тамақ жеткізу қызметтерін көрсетеді. 9 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің шекті бағадан 7 түрлі тауардың бағасы артқан.

Бағаны өсірген барлық дүкен, сауда нүктелеріне ескертпелер беріліп, бағаны тұрақтандыру қатаң бақылауға алынған.

Тұрақтандыру қорынан бүгінгі күнге 11250 келі қант алынып, Аса ауылында 200 теңгеден сатылуда. Кәсіпкерлерді ұйымдастырумен Аса ауылында 120 теңгеден 12 тонна картоп, 130 теңгеден 4 тонна сәбіз, 95 теңгеден 2 тонна пияз, 120 теңгеден 300 келі қырыққабат тұрғындарға өткерілді.

Аудандағы 10 тойхана, 28 кафе, 7 мейрам­хана, 29 мешіт, 2 базар өз жұмысын тоқтатты.

Аумақта 13 өнеркәсіп кәсіпорнындағы жұмысшылар саны – 1275. Төтенше жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқан, жұмысшыларын еңбекақы сақталмайтын демалысқа және қысқартуға жіберген кәсіпорындар анықталған жоқ.

Мемлекеттік сақтандыру қоры арқылы жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған 10852 адамға жәрдемақы төленді.

Ауданда 1298 шағын және орта бизнес өкілдеріне 90,6 млн теңге салықтық жеңілдіктер қарастырылған.

 «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде ауданда жалпы құны 5,5 млрд теңгені құрайтын 96 жоба қолдау тауып отыр.

Осы жобалар шеңберінде жалпы 1841 адам жұмыспен қамтылатын болады.

«Қазпочта» арқылы төлемақылар алатын адам саны – 8691. 9-17 сәуір аралығында 17 ауылдық округте «Қазпочта» бөлімшелері арқылы 208 адам ағымды шотпен зейнетақы, жәрдемақы алу барысында арақашықтықты сақтауын полиция қызметкерлері қадағалады.

«Халық Банк» арқылы 8300 зейнеткер карточкамен, 10 адам ағымдағы шотпен, 767 адам жәрдемақы, 478 адам мүгедектігіне байла­нысты жәрдемақысын карточка арқылы алады.

Аудан тұрғындарының сұрақтары мен ұсыныстарына арналған «Сөзден – іске» жобасы аясында аудан әкімдігінің жеке «WHATSAPP» нөмірі ашылды. Құрылған мобильдік топтың 8 отырысы өтті.

Жергілікті газетте 26 мақала, инстаграмм мен фейсбукте 398 материал жарияланып, телеарнадан 5 рет ақпарат таратылды, 146 бейнеролик орналастырылды, 17 ауылдық округте 23 билборд орнатылды. Тұрғындарға 5820 ақпараттық материал таратылып, 4900 материал қоғамдық орындарға ілінді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.