A place where you need to follow for what happening in world cup

Жүргізуші куәлігін қашан және қалай ауыстырған дұрыс

263

Бүгінгі таңда көлік мінген әрбір жүргізуші жол жүру ережелерін сақтауға, көліктің техникалық жай-күйін ғана емес, сондай-ақ оны басқаруға рұқсат беретін құжаттардың қолданылу мерзімін қадағалауға міндетті. Әрбір жүргізуші көлік жүргізушінің куәлігін ауыстыру қажеттілігіне тап болады, алайда құжатты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ауыстыруға өтініш бере қоятындар аз. Жарамдылық мерзімі өткен куәліктерді ауыстырған кезде жүргізуші денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманы қосымша ұсынуы қажет. Бұл жағдайда ақылы медициналық тексеруден өту қажет, бұл әрине қосымша шығындарға әкеледі. Сондықтан жүргізуші куәлігін жарамдылық мерзімі аяқталмай тұрып, алдын ала ауыстыруға кеңес береміз. Бұл құжатты беру мемлекеттік қызмет болып табылады. Оны алу үшін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінуге, не болмаса eGov.kz порталы арқылы электронды түрде тапсырыс беруге болады. Қызметті тек жарамдылық мерзімі өткен кезде ғана емес, сонымен қатар тегі, аты және әкесінің аты өзгерген, құжат жоғалған немесе ұрланған кезде де алуға болады. Қызметті алу үшін порталға кіріп, «Көлік және коммуникациялар» қосымша қызметін, оның ішінде «Автомобиль көлігі» бөлімінде «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметін таңдау қажет. Одан әрі авторизациядан өтіп, «Онлайн сұрау» батырмасын басу керек. Әрі қарай барлық қажетті мәліметтерді енгізіп, фотосурет пен қолтаңба үлгісін жүктеп, соңында 1,25 АЕК мөлшерінде төлем жасап, ЭЦҚ көмегімен қол қою керек. Құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған болса, 083-У медициналық анықтамасын, ал жоғалған немесе ұрланған жағдайда аудандық полиция басқармасының анықтамасын енгізу қажет. Жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар 1414 нөмірі арқылы хабарласа алады.

Марсель Жетпісбаев,
Мамандандырылған бөлімінің басшысы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.