A place where you need to follow for what happening in world cup

Украинадағы соғыстың отын үрлеген Байден бе?

16 587

Pink Floyd рок-группасының негізін қалаушы Роджер Уотерс CNN-ге берген сұхбатында АҚШ президенті Джо Байденді «әскери қылмыскер» деп атап, Украинадағы «соғыстың отын» жағуға себепші болды деп хабарлады Turkystan.kz.

78 жастағы музыкант не үшін АҚШ президентін өзінің «әскери қылмыскер» деп атаған тізіміне қосқанына да түсіндіріп берді.

«Біріншіден, ол Ураинадағы соғыс отының тұтатуына себепкер. Бұл – өте ауыр қылмыс. АҚШ неге украина президенті Зеленскийді келісімге келуге шақырмады? Осылай екіжақты соғысты тоқтатып, қаншама адамның өмірін сақтап қалуына болар еді ғой. Біз тіпті қанша украиндық пен ресейліктердің қайтыс болғанын да білмейміз ғой», – дейді Уотерс.

Музыканттың айтуынша, бұл соғыс 2008 жылы НАТО-ның Ресей шекарасына қарай жақындауынан басталған. Яғни альянс өзінің сөзінде тұрмаған дейді.

«Бұдан бөлек Уотрес Тайванға қатысты да дауға жауап берді. Оның ойынша, Тайвань – Қытайдың бір бөлігі. Бұл келісіммен 1948 жылдың өзінде халықаралық ұйымдар келіскен. Ал мұны білмесеңіздер, онда ізденбейсіздер деген сөз. Барыңыздар да, оқыңыздар!», – деді музыкант.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.