A place where you need to follow for what happening in world cup

Тас лақтырып, қоршауға шыққан: Қызылордада тәртіпсіздік кезінде бүлік шығарған екі көпбалалы ана қамауға алынды

85

Қызылордадағы тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін көп балалы екі ана ұсталды. 5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік кезінде екі азаматша бүлікшілермен бірге облыс әкімдігінің ғимаратына баса көктеп кіріп, тәртіпсіздікке орын берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі Қызылорда облысы әкімдігінің ғимаратына бір топ әйел адамның шабуыл жасағаны көрінетін видео жариялады.

«Қызылордада 2022 жылдың 5 қаңтарында жаппай тәртіпсіздік кезінде екі азамат митингіге қатысушылармен бірге облыс әкімдігінің ғимаратына кіріп, тәртіпсіздік жасады. Бейнежазбадан көрініп тұрғандай, азаматтар Н.Ж. және Б.З. тас лақтырып, әкімдіктің темір қоршауына шығып, дөрекілік танытып, облыс әкімдігінің ғимаратына заңсыз кірген», – деді полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Ұсталған әйелдерге қатысты ҚК-нің 272-бабының 2-бөлігі «жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

“Бүгінгі күні екі азаматшаның қылмыстық әрекеттерін толық мойындағандығы, асырауында кәмелетке толмаған балаларының болуы, соңғыларының денсаулық жағдайы мен өздерінің өтініштерін ескеріп бас шарасы үй қамаққа ауыстырылды, – деп атап өтті полицияда.

Көп балалы аналарды ұстау фактісі Қызылорда облысының тұрғындары тарапынан сынға ұшырады. Желі қолданушыларды оларды босатуды сұрап жазды.

“Дәл осы екі әйелдің осындай әрекетке баруының себебі бар” деп ақтап алуға тырысса, енді бірі әрекеттеріне теріс баға берді.

“Жабайылардың ісі”, “үйде отырмай ма балаларын қарап”, “тәртіпке бағынған құл болмайды” деп жазды желі қолданушылары.

Ұсталғандардың бірі – жеті баланың анасы, кіші баласы 7 айлық. Екінші ұсталған азаматша – бес баланың анасы.

Ведомствоның баспасөз қызметі әрбір фактіні полиция қызметкерлері мұқият зерттеп жатқанын атап өтті. Нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады.

Айта кетейік, Қызылорда облысы полиция департаментінің мәліметінше, төтенше жағдай кезінде облыс полициясына 952 адам жеткізілген. ТЖ режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 414 азамат тартылып, 253 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, оның 73-і босатылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.