A place where you need to follow for what happening in world cup

Тараздықтар Тұңғыш Президент күнін жеңілатлетикалық жүгіріспен атап өтті

171

1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Тараз қаласы «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінде қысқы спорт маусымының ашылуына арналған жеңіл атлетикалық жүгіріс өтті.
Арнайы шараны «Хабар24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп, сәйкесінше дәл осы сәтте еліміздің барлық өңірінде бір мезетте спорттық мереке мен ресми жарыстар басталды.
Қысқы спорт маусымының ашылуына арналған жеңіл атлетикалық жүгіріске өңірдегі 14 жастан жоғары жүгірушілер, сондай-ақ, спортты серік еткен мүгедектігі бар жандар да қатысты.
Бұл күні ерте таңнан этно-тарихи кешенде 500-ден астам жүгірушілер жиналып, арнайы нұсқаушымен бірге дене қыздыру жаттығуларын жасап, дайындық шараларына кірісті.
Қатысушылар бір мезетте жарыс жолына шығып, өзара сынға түсті.
Мәре сызығын үздік ондықтың ішінде кескендерге және дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар сапында бес қатысушыға ерлер және әйелдер санаты бойынша жүлделер тағайындалды.
Жеңімпаз мен жүлдегерлер дипломдар және медальдармен марапатталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.