A place where you need to follow for what happening in world cup

Тараздық ардагерлер жаңа заңды талқылады

150

Жуырда Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиынға төралқа мен қалалық билер алқасының мүшелері, тұрақты комиссия төрағалары және Тараз қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Үміт Сейдуанова қатысты.

Жиынды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Алдияр Түсіпов ашып, жүргізіп отырды. Басқосуда қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі, алқа билер төрағасы Сауранбек Жамалбеков, ардагерлер кеңесінің мүшелері Малтабар Жаманбаев, Мақұлбек Жаналиев, Любовь Накарякова сөз алып, пікірлерін білдіріп отырды.

Жиын барысында алдымен Жеңістің 75 жылдығына орай Жамбыл облысының құрметті азаматы Рабиға Дауылбаева және тыл ардагерлері Валентина Дубянская, Ильяш Абитбеков, Ғани Ақбаровтың кеудесіне Ресей Федерациясының медалін таққан Алдияр Түсіпов жеңісті күндерде жолығудың өзі бақыт екенін айтып, қарияларға ұзақ та мәнді ғұмыр тіледі.

Басқосу барысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған Ресей Федерациясының мерекелік медалімен бірқатар соғыс ардагерлері марапатталып, күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес ҚР «Ардагерлер туралы» Заңын талқылау бойынша баяндамалар жасалды.

Ал жаңа заң төңірегінде талқыға түскен тақырып бойынша қатысушылардың пікірі екіге бөлінді. Бірі ардагерлерге арналған заңның шығуы жақсы идея деп санаса, кейбірі бұл мәселені ертерек көтеру керектігін, соғыс ардагерлерінің бүгінде саны сиреп, ал көзі тірісін қарттық жеңіп, жүріп-тұруының өзі мұң болып отырғанын жеткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.