A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда сотталғандар футбол ойнап, пробация қызметкерлерін ұтты

576

Таразда сотталғандар футбол ойнап, пробация қызметкерлерін ұтты. Әдеттегіден өзгеше өткен спорт спартакиадасына қалалық жұмыспен қамту орталығы және «Zhanyna Saya» үкіметтік емес ұйымы демеушілік жасаған. Айта кетейік, бұл шара пробация қызметінің есебінде тұрған жандардың қоғамнан шеттетілмегенін тағы бір дәлелдеді.

Жалпы, бұл күні жасыл алаңда төрт команда өнер көрсетті. Атап айтқанда, Тараз қалалық №1,2,3 пробация бөлімдерінің есебінде тұрған азаматтар үш командаға бөлінсе, құқық қорғау қызметкерлерінен бір құрама жасақталды. Осылайша, бәсеке барысында олар өзара кім мықтыны анықтады. Алайда, аяқтары теңбіл допқа үйренген сотталғандар қарсыластарын қапыда қалдырды. Нәтижесінде, №2 пробация бөлімінің есебінде тұрған жандар үздік деп танылды. Ал №1 пробация бөлімінің есебіндегі сотталғандар үздік үштікті қорытындылады. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан 40 және 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Бұдан бөлек, спорт жарысына белсене қатысқан өзге де жазасын өтеушілерге күнделікті тұрмысқа қажетті керек-жарақтары сыйлық ретінде тапсырылды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.