A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда «КӨРПЕ FEST» мегафестивалі өтуде

190

Таразда «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің көрме залында Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен «КӨРПЕ FEST» мегафестивалі өтуде. Көрмеде қатысушылар әйгілі этнодизайнер, республикалық «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты, «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, «Аманат» сыйлығының құрметті елшісі, республикалық ақпараттық оқу орталығының жетекшісі Ырза Тұрсынзаданың шәкірттері мен ізбасарларының туындыларымен танысуға мүмкіндік аллы.
Фестивальдің мақсаты — Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын қолдай отырып, төл өнерді дамыту. Ұлттық құндылықтарды насихаттау. Көп балалы аналар мен жұмыссыз әйелдерді отбасылық бизнеске оқыту.
Фестиваль аясында үш кезеңнен тұратын конкурс өтеді: бірінші — этноинсталяция конкурсы (4 көрпе және жастық), екіншісі — You Tube арнасындағы Ырза Тұрсынзаданың шеберлік сыныптарына сәйкес жасалған бұйымдар бойынша, үшіншісі — ұлттық киімдер бойынша (заманауи, театрлық және т.б.)
Ырза Тұрсынзада «Аналар аманаты» атты ақысыз семинар-тренинг өткізеді. Іс-шараға қатысушылар көрпе, құрақ құрау және өзге де қолөнер бұйымдарын жасаудың қыр-сырын үйренеді.
Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздары анықталып, «Алтын Орда» дизайнерлік үйінің сертификаттары, тігін машиналары және басқа да бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.