A place where you need to follow for what happening in world cup

Таразда құқыққорғаушылар түзеу мекемесін тексерді

229

Бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында сондай-ақ әлеуметтік желілерде түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтарға қатысты заңсыз азаптау және қатыгездік қарым-қатынас фактілері орын алып жатқандығы туралы ақпараттар жариялануда.

Осыған байланысты, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібековтың арнайы шақыртуымен өңірлік ұлттық алдын алу тетігінің басшысы Ғабит Айтенов, Жетім балалармен балалар үйі түлектерінің «Мирэкл» әлеуметтік бейімдеу орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рауф Сабитов және «Әділет» құқықтық қолдау көрсету орталығының заңгері Руслан Халидов қатаң тәртіптегі ЖД-158/4 мекемесіне келіп, ондағы сотталғандардың ұстау жағдайларына, медициналық қызмет көрсетілуіне назар аударды.

Кездесу барысында қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері сотталғандарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, олардың уәжін тыңдады. Атап айтқанда, құқыққорғаушылардың қабылдауында болған 15 азаматтың көкейінде жүрген сұрақтарына нақты жауап берілді. Айта кетейік, мониторинг жүргізу барысында түзеу мекемесінде сотталғандардың мүддесіне қатысты орын алған азаптау жөніндегі бірқатар мәлімдемелер өз дәлелін таппаған.

— Ұлттық алдын алу тетігінің өңірлік тобымен және құқыққорғаушылардың түзеу мекемесіне тексеріс жүргізу барысында сотталғандар тарапынан мекеме әкімшілігіне қатысты түсетін арыз-шағымдардың дәлелсіз екендігі анықталды. Егер, жазасын өтеуші мекеме тәртібіне бағынбаса, оған тек заң аясында ғана шара қолданылады. Ал, сотталғандардың ұсталу жағдайымен олардың құқықтарының аяқ асты болмауы қатаң бақылауда — деді Т.Жәнібеков.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.