A place where you need to follow for what happening in world cup

Қауын-қарбыз өсіріп, пайдаға кенелуде

758

Сарысу ауданындағы Тоғызкент ауылы өзінің бал татитын қауын-қарбызымен белгілі. Биыл аталған елдімекенде  тәтті дақылды 120 отбасы еккен. Егілген жер көлемі 30 гектарды құрайды.

Жергілікті диқандар негізінен қара қауын, Кенжебай , басылбалды, торлама қауындары және бархан қарбызын еккен. Оның ішінде, қара қауын ұзындығы 1 метрге дейін өсіп, 10-15 келіге дейін салмақ береді. Қара қауынның іші қызыл болады, сатылымға, қауынқақ, қауынқұрт жасауға арналып егіледі.

2019 жылы «Божбанова»  жеке кәсіпкерлігі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грант алған болатын. Аталған қаражатқа кәсіпкер қауынқақ кептіретін құрылғы сатып алып, қауынқақ цехын ашуда.

Жалпы, егістің бұл түрінен экономикалық тиімділігі отбасына 1 маусымда түсетін орташа табыс көлемі — 450 мың теңгені құрайды. Оның ішінде таза пайда — 400 мың теңге.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.