A place where you need to follow for what happening in world cup

Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

1 205

Жамбыл облысы әкімінің 2020 жылғы «28» қаңтардағы №19-Ж/Қ  өкімімен Оразбеков Аслан Ұланұлы Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Оразбеков Аслан Ұланұлы  1975 жылы туған, білімі жоғары. 1997 жылы жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Жамбыл облысы Меркі ауылындағы «Тұлпар кооперативінде» есепші болып бастаған.

1999-2001 жылдары «Қызтоған» өндірістік кооперативінде жабдықтаушы, Жамбыл облыстық әділет басқармасының 1-ші нотариалдық кеңсесінде нотариус көмекшісі, 2001-2003 жылдары Жамбыл облыстық әділет басқармасының нормативтік-құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу бөлімінде жетекші маман, заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінде бас маман,  2003-2005 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінде бас маман, 2005-2006 жылдары Жамбыл облысы әкімияты қаржы департаментінің ұйымдастыру және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің басшысы,
2006-2009 жылдары Жамбыл облысының тәртіптік кеңесі хатшылығының мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінде бас маман, консультант, 2009-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасы мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі, 2012-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары, департамент басшысының орынбасары, 2015-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы, құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2019 жылдың мамыр айынан бастап Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.