A place where you need to follow for what happening in world cup

Тәртіпке  бағынбағандар айыппұл арқалайды

175

Ел тұрғындарын әбігерге салған коронавирус індеті қайтадан өршіп, науқастанғандар саны күрт өсуіне байланысты өңірімізде қатаң карантин  қолға алынып, шектеу шаралары күшейтілген болатын. Осы ретте, облыстағы құқық қорғау органдары мен медицина саласының мамандарына үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын айта кеткен жөн. Күні-түні тынбай еңбек етіп жүрген сала мамандарының жұмысы да күнделікті жіті бақылауда. Әкімдік қызметкерлері мен волонтерлар да оларға қолдан келген көмегін аямай, мейлінше көмек қолын созуға тырысуда. Оған қоса, аудан мен ауылда да тұрғындар бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жиналған қаржыға орталық ауруханаларға тыныс алу аппараттарын алып беруде. Әлбетте, бұны жерлестеріміздің қиын-қыстау кезеңдегі бір-біріне деген қолдауының озық үлгісі деуге болады.

Облыс орталығынан бөлек, аудандарда да көпшілік адамдар жиналатын жиналыстарға, мейрамханалар мен өзге де сауда және ойын-сауық орталықтарының жұмысына уақыша тыйым салынған-ды. Өкінішке орай, жаппай карантин жарияланса да ағымдағы жағдайды ескермей, ауруға атүсті қарап, халықтың өмірін қауіп-қатерге тіккендердің қатары азаймай тұр. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев та жуырда ғана осы мәселені көтеріп, карантинге қарамастан Шу ауданында бір емес, бірнеше мәрте той жасау дерегі анықталғанын айтқан болатын. Осыған байланысты, аудан көлемінде құрылған арнайы маниторингтік топтар тәртіпке бағынбаған бірқатар азаматтарға айыппұл арқалатты. Қазіргі кезде ауданымызда нысандардың қызметіне бақылау жүргізетін 5 бірдей мониторинг тобы құрылған. Аталған топтың тынымсыз жүргізген рейдтік жұмыстарының нәтижесінде қазіргі кезге дейін 574 нысанға тексеру жүргізіліп, 105 нысаннан тәртіп бұзушылық анықталыпты. Оның 71-не ескерту берілсе, 11-нің жұмысы толығымен тоқтатылған. Ал қалған 23 нысанға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа жолданған. Нәтижесінде, 6 нысанға 3,1 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған екен. Бұдан бөлек, күні кеше ғана аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Жақсыбаев пен аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұрат Аханов бастаған топ Шу қаласында орналасқан «LOTOMATIK» компьютерлік нысанының карантин режимін бұзғанын анықтап, хаттама толтырды. Бұл бағыттағы рейдтік жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Ерғали ҚАРТАЙҒАН.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.