A place where you need to follow for what happening in world cup

Тұрғындардың татымды тірлігі

143

Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Біз игілік істеуші ізгі жандардың сауабын әсте зая етпейміз», – деген («Аъраф»сүресі, 170-аят). Әлемді жайлаған індеттің жаппай етек алуы көпшілікке зіл артқаны белгілі. Қиындықтан мойымаған қазақ халқы жоғарыдан жіберілген сынаққа сабырлық танытып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын кезі келді. Бұл сыннан сүрінбей өту үшін мызғымас бірлігімізді көрсетіп, көңілге медеу болуымыз қажет. Төрткүл дүниеге тараған жұқпалы дерттің салдарынан аудан аумағында құрылған блок-посттар мен еңгізілген шектеулі ережелер қараша халықтың барыс-келісін, жүріс-тұрысын барынша азайтты. Осы орайда ауыл тұрғындарының төбе көрсетіп жатқан қайырымды істері жүрекке жылу ұялатады. Ораза айының алғашқы күні Шайдана ауылының тұрғындары мен белсенді азаматтары сауапты істің бас-қасынан табыла білді. Игі іске иілген азаматтар 9 отбасыға әлеуметтік сыйқалта (ұн, қант, күнбағыс майы, шай, ет, күріш және басқа да азық-түліктер) таратты. Көңілге қуаныш ұялатары, сауабы мол шараға жастарда өз үлесін қоса білді.
Тағы бір айта кететін жайт, дәл осы күні Ащыбұлақ және Шайдана ауылының 1994 жылдары туылған азаматтары 4 отбасыға қайырымдылық көрсетіп, Жаратушы иенің шапағатына бөленді.

Тұрғынбек қажы Оңғарбаев,
«Сәтбай ата» мешітінің имамы

Жамбыл ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.