A place where you need to follow for what happening in world cup

Тұмауға қарсы екпе жүргізілді

643

Жылда күз айында ЖРВИ мен тұмау өршиді. 2019-2020 жылғы эпидемиялық маусымда  ЖРВИ ауырған 431 120 адам тіркелген. Биыл халықты вакцинациялау аса қажет, өйткені коронавирус пандемиясы кезінде тұмау да өршуі мүмкін, сол кезде елдегі жағдайды тұрақтандыру қиын болады.

Осыған орай, елімізде тұмауға қарсы екпе жүргізілуде. Дертке қарсы егіліп жатқандар қатарында түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтар да бар. Мәселен, мұндай егу шарасы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінде жүргізілді.

Тұмауға қарсы екпе 400 сотталған азаматқа салынды. Айта кетер жайт, аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтар Тараз қаласындағы №8 емханаға тіркелген. Сол себепті, екпені емхана қызметкерлері арнайы жеткізіп берді.

Ал екпе жұмыстарын мекеменің медициналық қызметкерлері –Мейірхан Кеңесов пен Ақназар Мырзабай жүргізді.

Гүлшат Медетбекова,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті

ЖД-158/2 мекемесі медицина бөлімінің бастығы,

әділет капитаны

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.