A place where you need to follow for what happening in world cup

Түрмеге телефон лақтырмақ болған тараздық тұтқындалды

535

Жамбылда түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды кіргізбекші болғандардың қатары сиремей тұр. Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/4 мекемесінің қоршауынан ұялы телефон лақтыру фактісі тіркеліп, заңды бұзған азамат құрықталды. Бұл туралы облыстық ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

— Қатаң режимдегі ЖД-158/4 мекемесінің қоршауынан тыйым салынған затты лақтырып, ізін суытпақ болған азамат қолға түсті. Ұсталған С есімді азамат мекеме аумағына жапсырмамен маталған бір дана ұялы телефон және құлаққап лақтырып үлгерген. Қазіргі таңда заңбұзушылыққа барған 36 жастағы азамат өз кінәсін толықтай мойындап, оған қатысты ҚР ӘҚБК-нің 481 бабына сәйкес материал дайындалды, — делінген хабарламада.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.