A place where you need to follow for what happening in world cup

Сыбайластықпен күрес — ортақ іс

499

Пандемияның әсерімен амандықтың, есендіктің зор байлық, таусылмас нығмет екенін ұғындық. Осыны жақсы біліп, тұла бойымен ұғынған Президент Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында: «Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемияға қарсы күрес әлі де жалғасуда. Біз азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктірдік. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылды.

Дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай шақта бейжай қалмаған барша азаматтарға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздер айрықша табандылықтың және зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеттіңіздер»,– деп күн-түн демей еңбек еткен барша азаматтарға ризашылығын білдірді. Бұл халқының амандығына алаңдаған басшымыздың риясыз пейілінен туған пікірі еді.
«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауда айтылған тағы бір маңызды мәселе ретінде мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға түзетулер енгізілетінін атап өткен Президент еліміздің дамуына кедергі келтіріп отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті назарда ұстайтынын ұғындырды. Мысалы: «Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін енгізген жөн деп санаймын. 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер енгізу керек.
Біз сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдарды заң жүзінде қорғайтын жүйе қалыптастыруымыз қажет», деп бүгінгі күннің ащы шындығынан хабар берді.
Расында, мемлекеттің негізгі ұстынына кіретін мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетелдік банктерге ақша салуы сатқындықтың, опасыздықтың бір үлгісі. Өйткені өз елін, туған жерін сүйетін мемлекетшіл жан тапқан табысын, жеткен жетістігін ең алдымен Отанның игілігіне жұмсауы тиіс. Әйтпеген жағдайда екіжүзді, астыртын пиғылды қолдайтынын білдіреді. Қос азаматтығы бар жандардың да сондай кейіпке кіретіні анық.
Міне, Жолдауда осындай өткір де шынайы пікірлерді алға тартып, еліміздің өркендеу жолы адалдықпен, әділдікпен өрілгенде ғана нәтиже шығатынын жеткізген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көпшіліктің көңілін тербеген пікірлерін ортаға тастады.

Нұрлан БЕРДИЕВ,
аудандық мәслихаттың депутаты,
Талас ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.