A place where you need to follow for what happening in world cup

Сотталғандар арасында сауалнама жүргізілді

184

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шрақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының магистранттары – әділет подполковнигі Қуаныш Медеев пен әділет аға лейтенанты Талғат Асылбеков келді. Іссапары барысында академия магистранттары мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев және мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұловпен бірлесіп ҚАЖ мекемелерінің қызметкерлері мен сотталғандар арасында сауалнама жүргізді.

Сауалнама «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталғандардың тәртіптік жауапкершілігі» тақырыбындағы ғылыми зерттеу шеңберінде заңнамадағы бар кемшіліктер мен алшықтарды анықтау мақсатында жүргізілді.

Шара барысында сауалнамаға қатысушыларға сұрақтар беріліп, пікірлерін білді.

– Сауалнаманы толтыру кезінде өте шынайы болсаңыз, өйткені сауалнама барысында алынған ақпарат зерттеу жұмысының бөлігі ретінде жалпылама түрде ғана пайдаланылады. Зерттеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындалады, – деді өз сөзінде сауалнама алушылар.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.