A place where you need to follow for what happening in world cup

«Сотталғандарға қазақ мәдениетінің дәстүрлі діни танымын насихаттау»

178

Ағымдағы жылдың 12-15 шілде аралығында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 мекемесінде сотталғандар ға дәстүрлі діни таным жөнінде үгіт-насихат жүмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, мекеменің теолог қызметкерлері Дін өкілдері «Айсұлу ана» мешітінің имамы О.Т. Баймаханов және «Әбдіқадыр» мешітінің имамы Д.Н. Куттыбаевпен бірлесе отырып, сотталғандармен профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырды.
Дін — тұнып тұрған мадениет. Біздің дәстүрлі Ислам діні қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпыларына сай. Жалпы, дін — халықты ізгілікке шақыратын гуманитарлық мәдениеттің ажырамас бөлігі. Тағдырдың тәлкегімен темір тордың артында отырған сотталған азаматтар, қиындыққа қарамастан өз діндері мен әдет-ғұрыптарын ұмытпақ емес. Дін өкілдері мекемедегі сотталғандарға бар діни сауаттылығы мен білімділігін көрсете отыра, дұрыс насихат жүргізді.
Сотталған азаматтар кері байланыс арқылы өз ойларын білдіріп, Дін өкілдеріне алғыстарын білдірді.

Т. Омар,

ЖД-158/1 мекемесінің теологы, әділет лейтенанты

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.