A place where you need to follow for what happening in world cup

Солақай саясат құрбандары мәңгілік жадымызда

195

31 мамыр — ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Атаулы күн Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Бұл дата Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мыңнан астамы ату жазасына кесілді. Олардың арасында қазақ зиялылары: ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға үндеу жариялап, осы бір маңызды датаны мәңгі жадымызда сақтау қажет екенімізді атап өтті. Мемлекет басшысы үндеуде тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырғандығын жеткізді.

Президент айтқандай, жазықсыз жазаланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз.

Қали Қораласбаев,
суретші

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.