A place where you need to follow for what happening in world cup

Шымкентте синтетикалық есірткі тұтынатындар көбейген

362

Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығында жүздеген адам есепте тұр деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Мекеме науқастарға наркологиялық және алкогольдік тәуелділіктен арылуға көмектеседі. Науқастардың бірі орталықтың есігін өз еркімен ашса, енді бірі туыстарының мәжбүрлеуімен келеді. Мамандардың сөзінше, мұнда есепте тұратын жандардың біраз бөлігі өз тәуелділігін жеңіп, жаңа өмір бастайтын көрінеді.

Оңалту орталығында есепте тұрған азамат есірткі үшін бәріне барғанын айтады. Ал бір уақыттарда тіпті есірткінің салдарынан отбасы мен достарынан айырыла жаздаған. Орталықта жаңа өмір бастау үшін өз еркіммен келдім деген ол, 3 айдан бері ем қабылдап жатыр екен.

«Мен тәуелді болғанымның салдарынан жақындарымнан айырыла жаздадым. Дұрыс ойлауды доғардым. Менің ешкімге керегім жоқ секілді болды. Алайда мен оңалуды, өмірімді өзгертуді шештім. Және ол қолымнан келетініне сенемін. Емделіп, үйленіп, өзімнің отбасымды құрғым келеді. Менің ойымша, кез келген адам ниеті болса тәуелділіктен арыла алады деп ойлаймын», – дейді есірткіге тәуелді азамат. 

Орталыққа тіркелген науқастар ең алдымен психологиялық терапиядан өтеді. Сонаң соң ғана ем қабылдау басталады. Қазір психикалық орталықта 5000-ға жуық адам тіркелген. Ал мамандар тіркеуге алынбағандардың саны әлдеқайда көп екенін айтады.

Дәрігерлер қазіргі таңда героин өнімін пайдаланатындар саны бұрынғыдан әлдеқайда азайған дейді. Дегенмен, кейінгі уақытта жастардың арасында синтетикалық есірткі тұтынатындар мен оны таратумен айналысатындар көбейгенін жоққа шығармайды.

Мамандар наркотикалық немесе алкогольді өнімдерге тәуелділіктен арылуға болады дейді. Тек науқастың нақты мақсаты мен ерік жігері болса жеткілікті. Ал дәрігерлер емді әр науқасқа жеке тағайындайды. Ең бастысы, пациент берілмей соңына дейін күрессе болғаны.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.