Төтенше жағдай кезінде өңірдің қызметін басқару және жедел шешімдер қабылдау үшін Шу ауданы әкімінің төрағалығымен Жедел штаб құрылды. Бүгінгі таңда, Жедел штабтың 12 отырысы өткізілді, оның шешімдері хаттамалармен рәсімделді.
Сонымен қатар, Штабтың жұмысын қамтамасыз етуге тәулік бойы жұмыс жасайтын бөлек бөлме, жеті бағыт бойынша жұмыс топтары белгіленіп, қажетті материалдық-техникалық базалармен толық жабдықталды.
Тұрғындармен кері байланыс орнату бойынша 4 телефон нөмірі (31988, 32526, 32561, 31955) жұмыс жасауда. Бұл жұмыстарға күнделікті 24 адам жұмылдырылған.
Сонымен қатар, төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған тұлғаларға тағайындалатын 42500 теңге әлеуметтік төлемі бойынша 22046 электронды өтініш қабылданып, барлығы 18 383 адамға қаражат төленді.