A place where you need to follow for what happening in world cup

Шуда «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 163 жоба жүзеге асырылады

237

Шу ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 163 жоба жүзеге асырылады. Бұл жобаларға 4 миллиард 283 миллион 518 мың теңге бөлініп отыр. 724 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жоба аясында әзірге 19 адам жұмыспен қамтылды. Жалақылары 85 мың теңгеден басталып, мамандықтарына қарай төленеді. Жұмыссыз шулықтар тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.
Аталған жоба аясында ағымдағы жылы Шу қаласындағы 49 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жоспарға сәйкес қаладағы жол жұмыстарына «жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 114 адам жұмылдырылады.
Қаладағы қарқынды көру үшін бүгінгі жұмыс уақытымды Шу қаласына арнадым. Қала әкімімен бірге В.Терешкова, Совхозная көшесінен Қорқыт ата, Жұмабай, Пушкин көшесінен Заливная көшесіне дейінгі, Сұлтанбек Қожаев, Адырна көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарын көріп шықтым. Қаражат көлемі аз емес. Сондықтан соңғы тиынына дейін сұрау болатындығын тиісті бөлімдер қаперінен шығармауы тиіс. Сондай-ақ, мердігерлерге сапасыз салынған жолдар қабылданбайтынын, өз есебінен қайта жөндейтінін ескерттім. Бұл жұмыстар қала ішіндегі көлік ағынын жеңілдетуге және жол жүру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй кешендеріне апаратын жолдар ескеріледі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.