A place where you need to follow for what happening in world cup

Шуда есірткіге қатысты 183 қылмыстық іс тіркелген

113

@

Шу ауданы құрамында есірткі заты бар сора өсімдігі өсетін өңір ретінде танымал. Кейбір мәліметтерге сүйенетін болсақ облыс бойынша есірткі сорасы өсетін аумақтың жалпы көлемі 138 мың гектарды құрайды екен. Оның ішінде ең көп өсетін есірткі алқабы Шу ауданы бойынша 24,4 мың гектарды құраса Мойынқұм ауданы 1- мың, Қордай — 2 мың, Байзақ — 12,2 мың, Т.Рысқұлов — 12,5 мың, Меркi — 85,7 мың гектар алқапта өсетін көрінеді. Мұны көбіне есірткі затының заңсыз айналымы есебінен тез байып кетуді көздейтін, қолы таза емес іскерлер қолданып, нәтижесінде отбасындағы қарапайым адамдарға зардабын тигізіп, ауыр қасіртке тап болып жатады. Осыған орай, елімізде бірнеше жылдан бері мұндай келеңсіздіктерге жол бермеуге бағытталған іс шаралар ұйымдастырылып, бұл әсіресе біздің ауданымызда басымдыққа ие болып келеді. Соның бір дәлелі, есірткі бизнесіне қарсы табысты жұмыс жасап келе жатқан, ауданымыздағы «Дельта-долина» есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ауданаралық бөлімнің ұйымдастыруымен өткен «Қарасора-2020» жедел профилактикалық шарасы. Дельта-Долина есірткі бизнесіне қарсы күресу Департаментінің деректеріне сүйенсек жыл басынан бүгінгі күнге дейін 183 тен аса қылмыстық іс тіркеліп оның ішінде 46 – сы сату бойынша болса 20 – ға жуығы заңсыз аса ірі көлемде сақтағаны үшін, 2 – і контрабандалық жолымен іс қозғалған.

Опубликовано Шу ауданы әкімдігі Воскресенье, 31 мая 2020 г.

Шу ауданы құрамында есірткі заты бар сора өсімдігі өсетін өңір ретінде танымал. Кейбір мәліметтерге сүйенетін болсақ облыс бойынша есірткі сорасы өсетін аумақтың жалпы көлемі 138 мың гектарды құрайды екен. Оның ішінде ең көп өсетін есірткі алқабы Шу ауданы бойынша 24,4 мың гектарды құраса Мойынқұм ауданы 1- мың, Қордай — 2 мың, Байзақ — 12,2 мың, Т.Рысқұлов — 12,5 мың, Меркi — 85,7 мың гектар алқапта өсетін көрінеді. Мұны көбіне есірткі затының заңсыз айналымы есебінен тез байып кетуді көздейтін, қолы таза емес іскерлер қолданып, нәтижесінде отбасындағы қарапайым адамдарға зардабын тигізіп, ауыр қасіртке тап болып жатады. Осыған орай, елімізде бірнеше жылдан бері мұндай келеңсіздіктерге жол бермеуге бағытталған іс шаралар ұйымдастырылып, бұл әсіресе біздің ауданымызда басымдыққа ие болып келеді. Соның бір дәлелі, есірткі бизнесіне қарсы табысты жұмыс жасап келе жатқан, ауданымыздағы «Дельта-долина» есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ауданаралық бөлімнің ұйымдастыруымен өткен «Қарасора-2020» жедел профилактикалық шарасы. Дельта-Долина есірткі бизнесіне қарсы күрес Департаментінің деректеріне сүйенсек жыл басынан бүгінгі күнге дейін 183-тен аса қылмыстық іс тіркеліп оның ішінде 46 – сы сату бойынша болса 20 – ға жуығы заңсыз аса ірі көлемде сақтағаны үшін, 2 – і контрабандалық жолымен іс қозғалған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.