Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты жарияланған төтенше жағдайға байланысты коммуналдық тарифтерді төмендету шарасы қолға алынған еді. Аталған бағыттағы жұмыстар Шу ауданында да жүргізілуде.
Мәселен, жылу бойынша «Шу-Жылу» мекемесі 01.04.2020 жылдан бастап жылу энергиясын пайдаланып отырған тұтынушыларға жылу ақысының тарифі 10 пайызға төмендетті:
- тұрғындарға орташа босату тарифі 1 Гкал-2024,135 ҚҚС-сыз, оның ішінде:
- есептеу аспаптары бар тұрғындарға теңге Гкал-1748,76 теңге ҚҚС-сыз, есептеу аспаптары жоқ тұрғындарға 1 Гкал-2429,22 теңге ҚҚС-сыз;
- жылу үшін 1 м2-86,80 теңге ҚҚС-мен;
- ыстық суға үшін 1 адамға-557,70 теңге ҚҚС-мен;
- ыстық су есептеу аспаптары үшін 1 м3-174,72 теңге ҚҚС-мен.
Ал, ауыз суға жауапты «Теміржолсу-Шу» мекемесі тұрғындарға су бағасын 1 текше метріне 24,15 теңге етіп, 5 пайызға төмендетті.
Бұдан бөлек, ТЖ кезінде аудандағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында 3 блок-посттар (Көкқайнар, Шу қаласы, Жаңакоғам) орналасқан. Блок-посттарда тәулігіне 6 полиция қызметкері, 3 арнайы автокөлік, және 6 медицина қызметкерлері кезекпен жұмыс жасайды. Блокпост қызметкерлері бейнетіркегіштермен және «Сергек, блокпост» бағдарламасы орнатылған планшетпен қамтылған.Бүгінгі күнге төтенше жағдай режимінің ережелерін бұзудың 16 дерегі анықталған оның 15-і әкімшілік іс (10-ескерту, 1-айыппұл, 4-әкімшілік қамауға алу) тартылды, 1-қылмыстық іс (жалған ақпарат тарату дерегі).