A place where you need to follow for what happening in world cup

Шектеу – бәріне ортақ

193

Қазір күллі әлем елдерін алаңдатып отырған дерт дендеп кетпеуі үшін тұрғындар көпшілік орындардан оқшауланған. Халықтың басым көпшілігі үйде. Бұл – індетті жеңудегі басты талап. Осы тұста жұрттың тек қажеттілігіне қарай көшеге шығуына рұқсат етілген.

Күні кеше аудан әкімінің орынбасары Үміткен Найманова, Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов, аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасының бас маманы Айнұр Үкібаева бастаған топ орталықтағы ірі сауда орындарына бас сұғып, төтенше жағдай және карантиндік режимге сәйкес енгізілген талаптар мен шектеулер жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Негізгі мақсат – адамдардың беталды жүруіне тыйым салу, бағаны тұрақтандыру және негізсіз өсуіне жол бермеу. Топ мүшелері халық жиі тұтынатын азық-түліктің бағасына ерекше мән берді. Сондай-ақ, тұрғындарға төтенше жағдай кезінде тәртіпке бағыну керектігін ескертті.

Елімізде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзу немесе талаптарды орындамау дерегі анықталса, қолданыстағы заңнамаға сәйкес он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады.

Жәнібек АСАНОВ,

Жамбыл ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.