A place where you need to follow for what happening in world cup

Сенбілік – тазалық кепілі

592

«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Бұл ретте, сенбіліктің орны зор. Себебі, сенбілік – айналамызды қоқыс қалдықтары­нан тазартып, халықты ауызбіршілікке шақыратын игілікті іс.

Осыған орай, тазалықты жанына серік еткен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері мекеме аумағында кезекті сенбілік өткізді.

Мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиевтің бастамашы болуымен өткен тазалық шарасына мекеменің 20-дан астам қызметкері қатысып, жақсы көңіл-күймен тазалау жұмыстарын жүргізді.

– Сенбілікке мекеме қызметкерлері өз еріктерімен қатысты. Барлық қызметкерлерге мекеме ауласындағы бөліктер бөлініп берілді. Әр топ өз бөліктерін тұрмыстық қалдықтар мен құрғақ шөп пен жапырақтардан тазартты. Бұл күні алаңды тазарту мен әсемдеу үшін барлығы шын көңілмен, қуанышпен өз үлестерін қосты. Сенбілік жағымды атмосферада өтті, – деді мекеме бастығы Е. Оразгелдиев.

Сенбілік – ұжымдық еңбек дәстүрі. Әрине, ол сонау кеңес дәуірінде үрдісті болатын, дегенмен қазір де оның маңыздылығы зор. Тазалыққа, қоршаған ортаны қорғауға деген ұмтылыс барлық азаматтарда қалыптасуы тиіс, экология мәселесі де алаңдатарлық. Өз ортамыздыңтаза да әдемі болуы өз қолымызда.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.