A place where you need to follow for what happening in world cup

Қауіпсіздік кепілі — діни алауыздықтың алдын алу

462

Жазасын өтеушілердің бойында экстремизм мен терроризмге қарсы тұру иммунитетін дамыту, олардың азаматтық қоғамға сай әлеуметтік мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру – басты міндеттердің бірі. Себебі, бұл ғаламдық мәселе қазіргі таңда әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырғаны жасырын емес.

Жуырда осы бағыттағы іс шараларды жалғастыру әрі сотталғандар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/7 мекемесінде облыстық орыс драма театрының шығармашылық ұжымы «Я хочу домой» тақырыбында қойылым қойды. Аталған қойылымда жалған діни ілімдердің құрбаны болған замандастарымыздың қайғылы тағдыры туралы баяндалады. Олардың әрқайсысы жақсы өмірге үміттеніп шет елге кетіп қалады, бірақ нәтижесінде олардың әрқайсысының көңілі түсіп, туған жерге оралуды армандайды. Бірақ олар үшін артқа жол жоқ. Қойылымда шынайы сенім, махаббат сондай-ақ туған жер секілді өте жоғары құндылықтар шебер суреттеледі және оны қорғау қажеттілігі жеткізіледі.

Іс-шараға қатысқан өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Қанат Жарылғапов мұндай алдын алу шараларының маңызы зор екендігін айтып өтті.

— Бұл тақырып қоғамдағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Өйткені, көпшілік дәстүрлі діннің құндылықтарын өзге жат ағымдармен байланыстырып, қайсысы дұрыс немесе бұрыс екендігін ажырата алмауда. Сондықтан, дінтанушылар осы тақырыпқа орай түзеу мекемелерде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді және бұл маңызды рөлге ие, — деді әділет полковнигі.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.