A place where you need to follow for what happening in world cup

Сегізінші қабаттан құлағаннан кейін әйел аман қалып, өзіне жедел жәрдем шақырған

317

Ресейдің Якутск қаласында 30 жастағы әйел сегізінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Бақытына орай, әйел аман қалған, тіпті өзіне жедел жәрдем шақырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Әйел сегізінші қабаттан құлап кетіп, тірі қалған. Оған қоса, пәтерге өзі көтеріліп, жедел жәрдем шақырды», – делінген хабарламада. Қазір әйел жамбас сүйектерінің зақымдануымен жансақтау бөлімінде жатыр.

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккен әйел психоневрологиялық диспансерде есепте тұр. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде оқиғаның видеосы жарияланған. Әйел ауада сымдарға ұсталып, аударылып, қар үйіндісіне құлап, металл қоршауға басын ұрып алған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.