A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысулық ақындар республикалық айтыстың жолдамасын сарапқа салды

314

«Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» республикалық ақындар айтысының аудандық іріктеу кезеңі аясында Сарысу ауданында айтыс өтті. Барлығы 10 ақын қатысқан аудандық бәсекеде қазылар алқасының шешімімен 3 ақын үздік деп танылып, облыстық айтысқа жолдама алды. 3 ақынның 2 еуі жаңа есім. Олар: Айгүл Қойлыбаева мен Жазира Салықбаева. Сонымен қатар, бұрыннан облыстық деңгейдегі айтыстарға қатысып жүрген Талғат Құсайынов келесі кезеңге өтті.
Естеріңізге сала кетсек, «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым!» республикалық ақындар айтысының аудандық іріктеу кезеңінде қытысушылардың өнерін қазылар алқасы «Айтыс ақындары мен жыршы, термешілері халықаралық одағының» облысытық филиалы төрағасы Ахметжан Өзбеков, өңірімзге белгілі айтыс ақындары Айтмұханбет Исақов, Алтынкүл Қасымбекова және Ербол Қамбатыров тұрақты түрде бағалап отырады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.