Ауданда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мақсатында арнайы штаб жұмыс істеп тұр. Карантиндік сақтық шаралары жалғасуда.
Қосымша 7 шұғыл әрекет ету топтары да құрылды. («Бақылау бекеттерінің жұмысын үйлестіру тобы», «Медициналық, санитарлық-эпидемиалогиялық қауіпсіздік тобы», «Азық-түлік қауіпсіздігінің тобы», «Жеке тұлғалардың, көліктің және тауарлардың қозғалысын қадағалау тобы», «Әлеуметтік қорғау және еңбек қатынастар тобы», «Тіршілікті қамтамасыз ету тобы», «Ақпараттандыру тобы»)
Көрші облыс, көрші аудандармен арада және елді мекендер арасында 11 жерге бақылау бекеттері қойылды.(Жайылма-Құмкент, Саудакент-Ақкөл, Ақтоғай-Көктал, Ұланбел-Жайлаукөл, Досбол-Тоғызкент, Тоғызкент-Саудакент, Жаңаталап-Саудакент, Саудакент-Жаңатас, Игілік-Саудакент, Жаңатас-Ә.Бүркітбаев, Жаңатас қаласы орталық аурухана алды).
12 жерденаудандық маңызы бар жолдар уақытша жабылды. (Жаңатас-Шаян, Шығанақ-Тасты, Әбілда-Үшарал, Ұйым ауылы бойынша 4 кіру жолдары, Арыстанды-Майбұлақ, Қызылдихан-Жаңатас, Игілік-Өндіріс, Жаңатас қаласына 2 кіру жолдары).
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2020 жылғы 14 сәуірдегі №33қаулысына сәйкес өңірлерде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, автобус қатынастарына және жеке тасымалдауға тыйым салынып, екінші деңгейдегі банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің, айырбастау пункттерінің қызметін онлайн жұмыс режиміне және «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы тоқтата тұрып, карантиндік шаралар қатаңдатылды.
Күнделікті залалсыздандырылған жердің жалпы аумағы 1116,0 мың шаршы метрден асты. Бұл жұмыстарға 6 авто техника қатысуда.
Көшелер мен аулаларды, қоғамдық орындарды дезинфекциялау және санитарлық тазарту жұмыстарына барлығы — 63 адам (қоғамдық жұмысшылар) тартылды.
Мемлекет басшысының әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақырту туралы (02.04.2020 ж., №296) Жарлығына сәйкес, 15 сәуірден бастап адам көп жиналатын орындар, аудандағы санитарлық өткізу бекеттер аумақтық қорғаныс взводынан құралған (20 адам) әскери міндеттілердің жеке құрамымен күшейтілді.
Аудандық газетте — 105, әлеуметтік желілерде — 1662 ақпараттық материалдар жарияланды.
Мобильдік топтың зерделеуі барысында халық көп тұтынатын: ұн, қант, сұйық май, картоп, күріш, қарақұмық және ұннан жасалынған өнімдер бағасында біршама өсім бары анықталды. 8 кәсіпкерге қатысты материалдар құзырлы органдарға жолданды.
Сонымен қатар, бағаның өсуіне жол бермеудің бір құралы ретінде, Тараз қаласындағы тұрақтандыру қорымен жұмыс жүргізіліп, аудандағы кәсіпкер Г.Мутляпова арқылы ауданға 10 тонна құмшекер жеткізіліп, 200 теңгеден сатылуда. Аудандағы азық-түлік қалдығы да бақылауда (қалдықтың көлемі қосымша ұсынылады), қор жеткілікті. Таусылған тауарларды әкелу шаралары кәсіпкерлер тарапынан тұрақты түрде жүргізілуде.
Қазіргі таңда, дүкендердің қоймасында 110 т. ұн, 38 т. қант, 13 т. күріш, 15 т. картоп және 3 тонна өсімдік майы бар.
15 сәуір күні аудан орталығынан шалғай жатқан Шығанақ, Қамқалы, Жайлаукөл ауылдарында азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды(Ұн — 20 қап (50 кг);Құмшекер — 35 қап (25 кг);Картоп — 1,5 тонна;Пияз — 350 кг;Сәбіз — 400 кг;Қызанақ, қияр;Күріш — 300 кг;Макарон өнімдері — 300 кг;Шитті май — 150 литр;Томат — 70 л; Шәй — 30 кг;Қарақұмық — 100 кг; Шұжық- 50 кг; Сары май — 40 кг;Горох;Кофет, печеньелер).
Сондай-ақ, Түркістан ауылдық округі тұрғындарының сұранысына сәйкес сұйытылған газ тасмалдайтын арнайы автоцестерна Әшір Бүркітбаев, Үшбас және Арыстанды ауылдарына жолданды.
Алдағы күндері сұйытылған газ тасмалдайтын автоцестерна Шығанақ, Қамқалы, Жайлаукөл ауылдарына жіберіледі.
Енгізілген шектеу шаралары туралы тұрғындарды хабардар ету мақсатында қала еріктілерінен қосымша 10 топ жасақталып, дыбыс күшейткіштер арқылы халық көп жүретін орындар, шағынаудандар мен көшелерде ескерту жұмыстары жүргізілуде.
Халықтың тыныс-тіршілігін үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында «Сергек-блокпост» ақпараттық жүйесіне бақылау бекеттерінен тоқтаусыз өтетін аудан бойынша 228 көлік енгізілді.
Еріктілер тарапынан ауылдарда 21 тігін орны ұйымдастырылып, бүгінде 12600 бетперде таратылды. Қорда 4200 бетперде бар.
«Біз біргеміз» акциясы аясында әлеуметтік көмекке мұқтаж 362 отбасына — 5 млн. 934 мың теңгенің көмегі көрсетілді.
Бүгінгі таңға әлеуметтік төлемдер (42500 тг.)алу үшін 7414 өтініш түскен. Оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен 6288 азаматтың өтініші бекітіліп, оның 5843 төлемге жіберілді.
Аудандық ауруханада 55 төсек жабдықталды. 68 дәрігер мен 345 мейір бике жұмылдыруға дайын.
2020 жылғы 4 сәуірдегі облыс әкімі Б.Сапарбаевтың төрағалығымен өткен төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб отырысының №8 хаттамасына сәйкес, мектептерді қашықтықтан оқыту процесі ұйымдастырылды.
Ауданда 27 мектепте 8886 оқушы бар, оның ішінде 11 мектептегі 6687 оқушы қашықтықтан, 16 мектептегі 2199 оқушы телеарна арқылы оқуда.
Сарысу ауданы білім бөлімінің теңгерімінде барлығы 1378 дана компьютер бар. Оның ішінде 134 компьютерді мұғалімдерге және аз қамтамасыз етілген отбасыларға 317 компьютер қабылдау-өткізу актісі арқылы таратылып берілді.
Жалпы, аудан аумағында инфекция жұқтырғандар тіркелмеген. Қалыпты жағдай сақталуда.