A place where you need to follow for what happening in world cup

Сарысуда аудандық «Ұрпақтар сабақтастығы» байқауы өтті

212

Сарысу ауданы әкімі жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат, демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, Жастар ресурстық орталығы мен аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Халықаралық әйелдер күніне орай «Ұрпақтар сабақтастығы…» байқауы өтті.
Байқауға Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Лаура Нұрмаханова, Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айтбала Жолмаханова, зейнеткер, көпбалалы ана Маржан Қасенова, кәсіпкер Күлдана Досымбекова, кітапхана директорының орынбасары Светлана Қожаназарова, Жастар ресурстық орталығының директоры Ж. Жұмағұл, көпбалалы аналар мен мекеме қызметкерлері, оқырмандар қатысты.
Жастарды ұлтжандылыққа баулып, ата-бабамыздан қалған бай мұрамызды жаңғырту, зерделі, тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан тұрғындары куә болды. Байқауды аудан әкімінің орынбасары Лаура Игенқызы ашты.
Шараға аудандағы он саусағынан өнер тамған, салт-дәстүрлерді бойына жиып өскен көпбалалы аналар,атап айтсақ «Әжелер сөзі — тәрбие көзі» әжелер тобы ,«Ана алақаны….» аналар тобы,«Келіні жақсының , керегесі алтын» келіндер тобы ,«Қыз әдебімен көрікті…» қыздар тобы қатысты.
Сайыс барысында қатысушылар өз ауылының мақтаулы әже, ана, келін, ибалы қыз екендерін дәлелдеп, жеңімпаз атану үшін 6 кезең бойынша сайысқа түсіп, білім мен біліктерін, өнерлерін ортаға салды. Ең алдымен үміткерлер өздерін таныстырып өтті. Мұнан соң, өнерлі екенін көрсетіп, бірі ән айтты, бірі мың бұрала би билеп, енді бірі қолөнер бұйымдарын ұсынып, қазақтың салт-дәстүрлерін көрсетті. Бұл кезеңде үміткерлердің ептілігі, аналық мейірімі, балаға деген жауапкершілігі көрінді және де жиылған көпшіліктің көңілінен шығуға мейлінше тырысты. Соңғы кезеңде қатысушылар ұлттық тағамдардың ішіндегі ұмытылып бара жатқан немесе мүлде ұмыт қалған түрлерін әзірлеп, әділ қазыларға ұсынды.
Қатысушылар әр кезеңде тапқырлығы мен біліктілігіне, көрсеткен өнеріне қарай әділ бағасын алып, марапат төрінен көрінді.
Нәтижесінде әжелер тобынан І орынды Қ.Махадиева , ІІ орынды Р.Сазанбаева, ІІІ орынды М.Дүйсенбина жеңіп алды. Аналар тобынан І орын Қ.Жүсіпалиева, ІІ орынды Т.Смайылова, ІІІ орын Р.Илясова иеленсе,келіндер тобынан І орын М.Тұрысбек, ІІ орын Ұ. Садгермекова, ІІІ орын С.Жөгібаева, қыздар тобынан І орын Б.Арғынбек , ІІ орын А.Токкулиева ІІІ орынды Н.Дәріпбаева иеленді. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған «Алғыс хаттар» мен түрлі дәрежедегі дипломдар табыс етіліп, бағалы сыйлықтар үлестірілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.