Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Мемлекет басшысының өкімімен Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасы cыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.
Бұған дейін Роман Василенко Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымын атқарған болатын. Президент өкімімен ол лауазымынан босатылды.