Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің үгіт-насихат штабы өкілдері Жамбыл облысы Полиция департаменті жеке құрамымен кездесті.
Кездесудің басты мақсаты – сындарлы диалогты қалыптастыру және әдептілік принциптерін дамыту болып табылады.
Іс-шара Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Құрымбаевтың төрағалық етуімен өткізілді. Жиынның алғы сөзін Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-насихаттау штабының басшысы Қасымхан Төлендиев ашып, штабтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, өзгертуге бағытталған жұмысының маңыздылығы туралы айтты. Сондай-ақ, ол бұл бағытта облыстық Полиция департаменті басшы құрамы мен полиция қызметкерлерінің жұмысындағы ашықтықты айрықша атап өтті.
– Одан кейін республикалық ақпараттық-ағарту штабының жетекшісі Ырза Тұрсынзада мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Бердалин, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев сөз сөйледі.
– Бүгінгі басты міндет – мемлекеттік органдардың өкілдері халық арасында, әсіресе жастар мен өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және насихаттау, — деп атап өтті Ырза Тұрсынзада.
Сонымен қатар, кездесу барысында полиция қызметкерлеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметі, оның міндеттері, мақсаттары мен жаңартылған құрылымы туралы бейнеролик көрсетілді.
Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлықпен күресте ерекше үлес қосқан ПД Патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етілді.
Сондай-ақ, қонақтар кездесуден кейін Полиция департаментінің фронт-офисіне барып, ашық түрде жұмыс барысымен танысты.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы жаңалық
Таразда айтыскерлер арасында футболдан халықаралық турнир өтеді