A place where you need to follow for what happening in world cup

Равиль Төлебаевтың қатысуымен брифинг өтті

306

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаевтың қатысуымен брифинг өтті. Онда департаменттің алдын алу бағытындағы 2020 жылы атқарған жұмысы сараланды. БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділері қатысқан жиын әлеуметтік желіде тікелей эфирде өтті.
Қазіргі таңда Агенттікпен ауқымды алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Ол сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі жоюға және азаматтық қоғам институттарымен сындарлы әріптестікке негізделген.
Сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен шарттарын анықтау бойынша іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыртқы талдау жүргізу механизмдері кеңінен қолдануда.
Атап айтқанда, 2020 жылы 17 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, оның қорытындысымен 28 сыбайлас жемқорлық тәуекелдер анықталды.
Мониторинг нәтижесімен 11 нормативтік құқықтық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп ұйымдастырушылық басқарушылық шаралары қабылданған.
Оның ішінде Тараз қаласында тұрғын үй қорынан тұрғынжайды мұқтаж азаматтарға беру бойынша заңсыз қабылданған қаулының күші жойылып, 2020 жылы пәтерлер мен жатаханаларды 2006-2007 жылдардан кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға берілді.
Тараз қаласы және аудандардың әлеуметтік көмек көрсету бойынша мәслихат шешімдерінен артық құжаттарды талап ету нормалары жойылды.
Осыған дейін, үлгілік қағидалар негізінде жұмыс жасап келген Тараз қаласы әкімдігінің жер комиссиясы, Департаменттің ұсынысы негізінде қала әкімдігінің қаулысымен жер комиссиясының ережесі қабылданды. Сол сияқты, облыс әкімдігінің қаулысымен білім беру ұйымдарына оқушыларды қабылдау қағидалары бекітілді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.