Гастроэнтеролог, диетолог Нурия Дианова жолаушы пойызбен жолға шыққанда қандай өнімдерді алмау керек екенін айтты деп жазды turkystan.kz.
«Сүзбе, ірімшік, жұмыртқа, тауық еті және шұжық. Бұл өнімдердің бәрі тез бұзылады. Егер тоңазытқышта сақтамаса, аталған өнімдерді төрт сағаттың ішінде жемеген жағдайда денсаулыққа айтарлықтай зиянын тигізеді», – деді маман URA.ru сайтына берген сұхбатында.
Диетологтың сөзінше, пойыздың ішінде температура жоғары болғандықтан, мұндай тез бұзылатын тағамды жеу денсаулыққа қауіпті. Сондай-ақ маман бұзылған өнімде бактериялардың көбеюінен улану қауіпі өте жоғары болатынын айтты.
Нурия Дианова алыс жолға шыққанда көкөніс пен жеміс-жидектер, жаңғақтар алып жүруге кеңес береді. Ол жолда немесе дүгіршектерде сатылатын дайын тамақты алмауға кеңес береді. Әсіресе иісі мұрын жаратын тәтті бәліш пен самсалардың неден жасалғанын білмей жеу қауіпті екенін жеткізді.
«Үйден тамақ алып шықпаған жағдайда пойыздағы мейрамханадан немесе стансалардағы дүкендерден тіскебасар алуға болады», – деді гастроэнтеролог, диетолог маман.