A place where you need to follow for what happening in world cup

Пилоттық жоба іс жүзінде мол жемісін берді

214

Бүгінде Шу ауданының Жаңақоғам ауылының тұрғындарымен пилоттық жоба іс шеңберінде мал санын көбейту бойынша шаралар атқарылып жатқаны ауданымыздың абыройын асырады. Бағдарламаның шапағатын сезініп отырған тұрғындардың хал-ахуалын көріп, тыныс-тіршілігімен танысқан шеңберін жетістіктің бір бөлігі деп атап өтуге болады.
Қанатқақты жобаның мәні – тұрмыстық жеткіліктерді арттыра отырып, қоғам өміріне қажетті шаруалардан құрылған кооперативті қолдау. Азаматтар табысын арттыра отырып, инвестиция тарту, инновациялық жобаларды қамтамасыз ету.
Жер үлесін тиімді пайдалану, мал сатып алу жұмыстары, кәсіпкерлікті ұтымды пайдалану маңызды рөл атқарады.
«Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» аясында Жаңақоғам ауылдық округінде атқарылған жұмыстар көңіл толтырарлық.
Бірінші бағыт бойынша үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану жұмысының жер көлемі 102,8 га құрайды. Осы бағыт бойынша үй іргесіндегі барлық жер көлемі екі айналыммен пайдаланылатын болады.
Жоба аясында 102,8 га жерге екі айналыммен қияр, қырыққабат, 1 айналыммен қызанақ дақылын егу жоспарлануда.
«Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нен қажетті тұқым мен тыңайтқыштар алуға келісім шарт жасалып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы 2 айналымға қажетті қаржы 19 983 мың теңгені құрады.
Бірінші бағытты қаржыландыру жұмысы бойынша, кепіл «Омар-Шу» АШӨК-нің төрағасы Т.Жапсарбаевтың жеке меншік кепіл мүлкінің жалпы соммасы 21 млн 810 мың теңге.
Жылыжайға көңіл бөліну жұмыстары бойынша, аумағы 5 соттық 1 жылыжай құрылысын жүргізуге өтінім берілген (бастапқы өтінім соммасы 15 млн). Құны СПК тарапынан 4 млн теңгеге бағаланып, қаржыландырылды. Қазіргі уақытта жылыжай құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Екінші бағыт бойынша, ауладағы мал шаруашылығын тиімді пайдалану бойынша бастапқы сұраныс облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бекіткен жоспарына сәйкес бастапқыда мал сатып алуға 188 аула 538 млн 084 мың теңгеге
4004 мал басын сатып алуға өтінім берген.
Бүгінгі күнге мал сатып алуға негізгі сұраныс 197 ауладан барлығы 891 млн 200 мың теңгеге 6 709 бас мал сатып алуға өтінім түскен.
Бүгінгі күнге 189 азаматқа 610 млн 182 мың теңгеге 4701 бас мал сатып алынуға бөлінген қаржы түсті.
Жалпы саны бойынша 184 аула 4447 бас, 512 950 теңгеге мал сатып алды, оның ішінде ИСЖ базасына 4447 мал басы тіркелді.
«Асылдандыру-Тараз» ЖШС-мен «Омар-Шу» ауыл шаруашылығы кооперативі арасында ірі қара малдың аналық басын қолдан алатау тұқымына ұрықтандыру жөнінде келісім-шарт жасалды. Ауыл сыртында арнайы белгіленген, ветеринариялық іс-шаралар жүргізетін орында (раскол, фиксатор бар) қолдан ұрықтандыру жұмыстары жүргізіледі.
Үшінші бағыт — тұрғындардың ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану бойынша малды азықпен қамтамасыз ету үшін жалпы 1006 гектар пайдалануға беріледі.
Жалпы қажетті қаражат- 33,8 млн тг.
Қаражатты алуға кепіл мүлік ретінде аудан әкімдігінің теңгеріміндегі аудандық «Ветеринариялық қызмет» мекемесінің ғимараты қойылды. Бағалау құны 90 млн теңге (90 млн*70%=63.0 млн).
Кепіл мүлкіне берілетін соманы СПК несие комитеті 33,8 млн теңгеге бағалап, кепіл келісім-шарты жасалып, қаржыландырылды.
Күздік бидай, жаздық арпа дақылдарының элита және I репродукциялық тұқымдарды және көкөніс дақылдарының тұқымдарын «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен қажетті тұқым алуға келісім шарт жасалған болатын. Т. Рысқұлов ауданындағы «Нұр Тау Әулиеата» ЖШС-нан 81,5 тн «Бәйшешек» 1 репродукция арпа тұқымын себуде.
Төртінші бағыт маңыздылығы — кооперативтерді жабдықтау және құру.
«Омар-Шу» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне қажетті техникалар жеткізілді.
Бесінші бағыт — Кәсіпкерлікті дамыту.
Ауылдық округ тарапынан бастапқыда шағын кәсіпкерлік жобалары бойынша 13 жоба ұсынылған. Оның 12-і мал бағытына ауысты және 1 жоба (шаштараз) 2,5%-дық жеңілдікпен қаржыландырылмайтынына байланысты жобадан бас тартты.
Ауылдық округтен ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу бағытында 1 жобаға ұсыныс берілді: Кондитерлік цех. Бастапқы құны 4,5 млн теңге. СПК кепіл соммасын 2,9 млн теңгеге бағалады. Жобаны наубайханаға ауыстыру жөнінде СПК тарапынан нұсқама берілді.
Ауданымыздағы халық көңілінен шығып жатқан аталмыш жобалардың өзектілігі ел мерейін асырар игі істер болып жалғасын таба бермек.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.