A place where you need to follow for what happening in world cup

Парадан бас тартқан жамбылдық полицейге қаржылай сыйақы берілді

344

Жемқорлыққа жол бермей, пара алудан бас тартқан Жамбылдық полицей марапатталды.

Адал тәртіп сақшысын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Бердалин арнайы құттықтап, қызметіне адалдық танытқаны үшін алғыс білдірді. Ұсынылған «ауызбастырықтан» бас тартқан – полиция майоры Ильяс Алашов.

Агенттік өкілі полиция қызметкеріне арнайы диплом мен қаржылай 30 АЕК, яғни 79 мың теңге сыйақы табыстады.

Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің үгіт-насихат штабы өкілдері мен Жамбыл облысы Полиция департаменті жеке құрамының кездесуі барысында өтті. Жиында сондай-ақ өз ісінің үздіктері департамент басшысының арнайы алғыс хатына ие болды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.