A place where you need to follow for what happening in world cup

Нағыз демалыс — еңбекте

426

Жаймашуақ жаз – ауылдықтар үшін демалыс кезеңі емес. Қайнаған тіршіліктің уақыты. Бұл — түсінікті де… «Қыс шанаңды жаз сайлау керек!»
Иә, ауылдағы қарапайым жұрттың қарбаласы жыл он екі ай тоқтамайды.
Олардың қатарына Жон өлкесіндегі Ә.Бүркітбаев ауылының да тіршілігін қосуға болады. Шаруалар қазір жатпай-тұрмай мал азығын дайындауға кіріскен.
Жаз мезгіліндегі тағы бір ерекше науқан — ол асарлатып үй тұрғызу.
Бұл жұмыста жақындардың бауырмалдығы, ауызбіршілігі сыналады. Салтты сақтап, арасын суытпаған елдің алар асуы мол,
Кеше ауыл тұрғындарының қатысуымен Ә.Бүркітбаев ауылында асар өтті. Бүгінгі күні 100,0 мың теңгедей қаржылай көмек жиналуда.
Иә, ауылдағы бар жұмыс, бар тірлік тек қол күшімен атқарылады.
Әйтсе де, еңбекке піскен жандар үшін бұдан асқан бақыт жоқ сияқты. Тынымсыз тіршілік мұнымен де бітпесі анық.
Енді шөп шабу аяқталысымен, оларды алқаптағы жайқалған астық күтіп тұр. Шаруалар оны да дер кезінде төкпей – шашпай жинап алуға қам жасауда.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.