A place where you need to follow for what happening in world cup

Н.Календеровтың Спорт күніне орай құттықтауы

6 837

Құрметті спортшылар қауымы!

Сіздерді кәсіби мереке-леріңіз – Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – денсаулық, сергектік, күш-қуат, шыдамдылық пен төзімділіктің мерекесі. «Тәні саудың – жаны сау» деп тегін айтылмаса керек. Саламатты өмір салты, дене шынықтыру мен спортты дамыту «Қазақстан-2050» стратегиясының маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Елбасының дәстүрлі Жолдауларының бірінде елімізде бұқаралық спортпен айналысатындардың қатарын 30 пайызға жеткізу міндеті қойылған.

Спорт – адамның денсаулығын нығайту құралы ғана емес, ел мәртебесін әлемде асқақтататын  бірден-бір күш болып табылады. Кәсіби спортшыларымыз үнемі республикалық және әлемдік ареналардан әкелінген наградаларымен қуантып жатады. Бұл жаттықтырушылардың  да еңбегінің  жемісі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда спорттың дамуына айрық-ша  көңіл бөлінуде. Спортшы-лардың кәсіби мерекесінің атап өтілуі де осыдан. Киелі Шу өңірінде де дүбірлі додаларда топ жарып, ауданымызбен қатар, еліміздің абыройын асқақтатып жүрген саңлақтар жетерлік. Олардың қатарында қазақ боксын биік белеске жетелеген Юрий Цхойдың есімін ерекше атап өтуге болады. Ал бүгінгі таңда ұрпақ сабақтастығын жалғап, кәсіпқой бокста атой салып жүрген жерлесіміз Батыр Жүкембаевтың да жеткен жетістігі аз емес. Бұдан өзге де саңлақ спортшыларымыз жетерлік. Әлбетте, біз әрқашан да жерлестерімізбен мақтанатын боламыз.

Құрметті жерлестер!

Еліміздің еңсесін көтеруде, мемлекетіміздің өсіп-көркеюі жолында биік шыңдарды бағындыруларыңызға, дүбірлі додаларда жарқын жеңістерге қол жеткізулеріңізге,  ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруларыңызға шын жүректен тілектеспін.

Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық  тілеймін! Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары арта берсін!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.