A place where you need to follow for what happening in world cup

Биназарлықтар ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауда

6 119

Елбасының Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Үздік ауыл» байқауына үміткер Биназар ауылы. Биназар ауылдық клуб ұжымының ұйымдастыруымен «Ұмытпайық қазақтың салт-дәстүрін» тақырыбында, қазақтың «Қыз көру» насихаттау мақсатында шара өтті.

Жалпы, салт бойынша белгілі кісілердің балалары немесе өнерпаз сал-сері жігіттер өзіне лайық қыздарды ел ішінен өздері таңдаған. «Пәлен жерде жақсы қыз бар» дегенді естіген жар таңдаған жігіттер өнерлі дос-жолдастарын ертіп қыз ауылына барады. Қазақта қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді деген мақал қыз іздеген жігіттерге жол ашады. Ондай жігіттерге ешкімнің наразылық білдіруге, тосқауыл жасауға хакысы жок. Керісінше жігіттерде салтанатпен қарсы алады. Ауылдың бойжеткен өр мінезді, еркін қыздары мұндайда, «Қыз көретін жігітті біз көрелік» деп белсене шығып, жігіттермен өнер сынасқан. Осындай жолда бірін-бірі сынаған қыз-жігіттер айтысқа түседі. Осыдан кейін ұнатқан жастар сөз байласып, жігіт жағы құда жіберген. Демек, жігыт пен қыз бірін-бірі ұнатқан жағдайда құдалық жолы жалғасқан.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.