A place where you need to follow for what happening in world cup

Н.Календеровтың көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтауы

146

 

Құрметті көлік саласының қызметкерлері!

Тамыздың алғашкы жексенбісімен қатар келген кəсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

Еліміздің дамуында ойып орын алған көлік жəне байланыс инфрақұрылымы алысты жақындататын маңызға ие. Мемлекет басшысы баса назар аударған теміржол саласы қарқынды экономиканың өркендеуіне бірден бір көпір болып саналады. Тəуелсіздік жылдары елімізде 1200 шақырым жол халық пайдасына асыру мақсатында іске қосылды.

Тоғыз жолдың торабында тоғысқан Шу теміржол станциясы егемендікпен қатар кұрылып, өңірімізді көлік тасымалымен үздіксіз қамтамасыз етіп келеді.

Осы жолда бірнеше еңбек майталмандары ел игілігі үшін абыройлы қызмет атқарып жүр. Зор жауапкершілік жүктелген көлік тасымалы саласында адам өмірі үшін жəне мыңдаған тонна жеткізілетін жүктің еш шашаусыз жетуіне жауаптылықты арқалайды.

Қадірлі теміржол саласы мамандары! Қазақстан қалалары арасындағы байланысты нығайтып, талай жыл теміржол саласында талмай тер төккен аға буын өкілдеріне, бейнетінің зейнетін көріп отырған еңбек ардагерлеріне, барша қызметкерлерге алғысымды білдіремін. Еңбектеріңіз еселеніп, елене берсін. Ел дамуындағы сүбелі үлестеріңізді біз əрқашан жоғары бағалаймыз. Мерекелі күнде отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға толайым табыс тілеймін. Ел игілігіне қосар үлестеріңіз ортаймасын.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.