A place where you need to follow for what happening in world cup

Нәзік жандыларға ақ тілек!

551

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесiнде 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мәдени іс-шара ұйымдастырылды.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментiне қарасты ЖД-158/1 мекемесінде «8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөнiндегi әлеуметтік-психологиялық бөлімшесінің қызметкерлері шаруашылық жасағына қалдырылған сотталғандар арасында қыз келiншектерге арнап мерекелік марапаттық іс-шарасы өткізілді. Шаруашылық жасағына қалдырылған сотталған екі ару қыз келіншегі бар, яғни шаруашылық жасағына қалдырылған сотталған ер азаматтары қыз келіншектердiң мерекелерiмен құттықтап жүректен шыққан жылы лебіз бiлдiрiп және ізгі тілектерін айтып сыйлықтарын табыстады.

Сонымен қатар ЖД-158/1 мекемесінің ШЖҚТ қалдырылған сотталған азаматтар барлық назік жанды аруларға «бір қолымен бесік, бір қолымен әлем тербеткен ақ жаулықты аналарға отбасылық аманшылық, мол бақыт, жанұяларына береке-бірлік, зор денсаулық және әйел бақытын тілейміз» -деген ақ тiлектерiн жаудырды.

Арнайы контингент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімшесінің инспекторы әдiлет аға лейтенанты М.Н.Мыркалиева.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.