A place where you need to follow for what happening in world cup

Нұр-Сұлтанда полицейлерден қашқан Toyota Camry: тың ақпарат шықты

85

Нұр-Сұлтанда полиция талабына бағынбай қашқан Toyota Camry жүргізушілеріне қатысты тағы бір дерек анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Есіл» ауданының Полиция басқармасына елорда тұрғыны белгісіз біреулер оның Kia Rio автокөлігінен мемлекеттік тіркеу нөмірін ұрлап кеткенін айтып арызданған.

«Арызданушы әлеуметтік желілердегі жаңалықтардан «Нұр-Сұлтанда полицейлер Toyota Camry көлігін қуғынын» көріп, видеодан жүргізушінің жүксалғышында жатқан өзінің мемлекеттік нөмірін таныған. МТНБ ұрланғаннан кейін оның иесі белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік айыппұлдар туралы хабарламалар алған», — делінген хабарламада.

Дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлі тұлға 61 мың теңгеден аса айыппұл төлейтін болады.

Айта кетейік, «102» арнасына дүкен иелерінен тауар алып, төлем жасамай көлікпен қашып кеткен ер адамдар туралы екі хабарлама келіп түскен. Ұстау барысында Toyota Camry көлігінің жүргізушісі құқық қорғау органы қызметкерлерінен жасырынуға тырысып, жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған. Көп ұзамай 30 жастағы жүргізуші мен оның жолаушысы ұсталды.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.