A place where you need to follow for what happening in world cup

Мойынқұмда «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асуда

112
Мойынқұм ауданында «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру аясында «Бастау» жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді.
Іс шараға сот төрағасы Б.Абуев, топтың жетекшісі Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары А.Наметқұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, аудан биі Ж.Қалыбаев, аудан әкімдігінің АХАТ бөлімінің бас маманы Е.Калымбетова және жас жұбайлар қатысты.
Төраға Б.Абуев іс-шараны аша келе, жас жұбайларға отбасы — бұл шағын мемлекет және оны сақтау ерлі-зайыптылардың міндеті екендігін және қоғамның тұрақтылығын сақтауда берік отбасының маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, неке және отбасы құндылықтарын, баланың толыққанды отбасында тәрбиеленуінің маңыздылығын түсіндірді.
Ерлі-зайыптыларды татуластыруда медиацияның және Билер кеңесінің рөлін, сондай-ақ ажырасу санын азайтып, отбасына сақтау басты мақсаты болып табылатын «Отбасылық сот» пилоттық жобасы туралы айтылды.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қалыбаев отбасылық құндылықтар- белгілі бір қоғамда отбасының көрінісі мен қалай жұмыс істеуі керек екендігі туралы қалыптасқан ережелердің жиынтығы. Отбасының ең маңызды негізгі құндылықтарының бірі- ол ымыраға келу. Бақытты отбасын құру үшін ең алдымен ортақ жоспар құрып, бірлесе отырып жақсы нәтижеге жету екенін атап кетті.
Іс шара барысында жас жұбайларға неке қию куәліктері табыс етіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Неке-шеберлікті талап ететін іс» атты арнайы ақпараттық брошюралар берілді.

 

Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published.